RU

Алматыда түнгі жүгіру кезінде ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен (видео)

Тонау1
Күдікті. Фото: polisia.kz

45 жастағы Алматы тұрғыны өзіне шабуыл жасалғанын айтып, полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада анықтап, қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға түннің бір уағында болған. Жәбірленуші жүгіруге шығып, үйінің жанында белгісіз жас жігітпен кездесіпті.

Бейтаныс адам ескертусіз ер адамның бетінен бірнеше рет жұдырығымен ұрып, ұялы телефонын алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Жәбірленуші есін жиған бойда полицияға хабарласқан. Бірнеше күннен кейін полиция күдіктіні қолға түсірді.

Ол Алматы облысы, Қарасай ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Хабарланғандай, ер адам бұрын тонау бойынша сотталған.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодексінің 191 бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, Венгрия тұрғыны Алматыға келіп, қылмыскерлердің құрбаны болған. Одан ірі көлемде ақша ұрлап кеткен көрінеді. Полицияға қоңырау шалған шетелдік азамат өзіне келген полиция қызметкерлерінің ағылшынша еркін сөйлейтініне таңғалған.

Айта кеткен жөн, Шымкент қаласының тұрғыны өзін тонап және зорлауға әрекет жасамақ болған ер адам туралы мәлімдеді. Бірақ осы қылмыстарға күдікті ретінде ұсталған азамат өзін жәбірленуші деп санайды. Төрт балалы ананың айтуынша, ер адам оның бетінен ұрып, күркенің артына сүйреп апарып, зорламақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877582-almatyda-tngi-zgiru-kezinde-er-adamdy-ryp-sogyp-tonap-ketken-video.html