Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кинотеатрлар қашан ашылады

Опубликовано:

Кинотеатр залы
Көрнекі фото: pixabay.com

Елдегі ең ірі кинотеатрлар желісінің басшысы «5000 қызметкерім табыссыз қалды» дейді. Наурыз айыннан бері шығынға белшеден батқан. Барлық қалада бөлімшесі бар компания жыл сайын 1 млрд теңгеден астам пайда табатын. Кинотеатр адам көп жиналатын орын болғандықтан, карантиннің қатаң режиіміне көнбеске амал жоқ. Келесі апта жұмысымызды бастауға рұқсат берсе, қандай талапты да орындауға дайынбыз деп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

"Біз тіпті шектеулерге де дайынбыз. Ең бастысы, ашылып, жұмысымызды бастасақ екен. 5 мың жұмысшымыз жан жақта жүр қазір. Қазақстан бойынша мыңдаған адамымыз жұмыссыз қалды. Олардың отбасы бар. Көбінің несиесі бар. Сондықтан санитарлық талапты сақтай отырып, жұмысты бастауға дайынбыз",- деді кинотеатрлар желісінің директоры Ерлан Бұқарбаев.

Пандемияға дейін елде 92 кинотеатр мен 350 кинозал жұмыс істеп тұрған. 6 мыңнан астам адам осы салада нәпәқасын тауып жүрген. Карантиндік шектеулер бірнеше рет жеңілдетілсе де бұл салада өзгеріс болмады.

Киномен табыс тауып жүргендер 15 млрд теңге шығынға ұшыраған. Кинотеатр иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, кәсіпкерлердің әзір ес жиюы қиын. Шағын залдар қайта ашылмауы да мүмкін.

"Біз барлық құзырлы органға хат жолдап, мәселені көтердік. Бірақ еш нәтиже жоқ. Онсыз да шығыны көп сала еді. Қазіргі жағдайымыз тым мүшкіл. Бізді еститін жан бар ма? Театрлар ашылып жатыр ғой. Індет жұқтыру қаупі бар дейді. Бірақ ұшақпен емін-еркін ұшып жатқандарды қайтеміз?!

Алгоритмге сай кинозалды 30 процентке ғана толтыру керек екен. Мысалы, 600 орындық кинозалға 50 адам жинап алу қисынсыз. Одан кейін кино – тез бұзылатын тауар. Жаңа туындыларды экранға шығарып, прокатқа ұсынуымыз қажет",- деді кинотеатр иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877597-kazakstanda-kinoteatrlar-kasan-asylady/

pixel