RU

Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел мерт болды

жол
Көрнекі фото: ru.sputniknews.kz

Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел көлік астына түсіп, мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы 2 қазан таңғы сағат 06:35 шамасында болған.

«Mercedes Benz» көлігінің 45 жастағы жүргізушісі Әуезов пен Тәшенов көшесінің қилысынан 25 метр жерде, яғни рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйелді қағып кетіпті.

49 жастағы әйел алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3 бөлігі бойынша тергеу амалдарды жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда мас жүргізуші жас бойжеткенді қағып кеткен болатын. Ол қансырап жатқан қызға дереу көмек көрсетудің орнына, бірден ізін суытқан.

14 қыркүйек күні болған жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда ақ түсті көлік Данара есімді бойжеткенді қаққаннан кейін ондағы жүргізушінің көліктен шыққаны байқалады. Ол бойжеткенге көмектесудің орнына, оны итере салып, көлігімен әрі қарай қаша жөнелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877621-kksetauda-zoldy-rksat-etilmegen-tsynan-tpek-bolgan-jel-mert-boldy.html