RU

«Айбын» жиынының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

айбын
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының алғашқы байқауы – «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны аяқталды. Төрт күн бойы квиз-викторина форматындағы сайыста, жиынға қатысушылар жеңіс үшін күресті.

Командалар ойынға кезекпен қатысты. Қатысушылар модератордың сұрақтарына ауызша жауап берді. Сұрақтардың форматы әртүрлі болды, атап айтқанда аудио және видео сұрақтар, тест, фактілерді саралау, ребустар және логикалық тапсырмалар.

Квиз-викторинаның бес кезеңі тақырыптар бойынша ерекшеленді. Мысалы, Қазақстан тарихы, география мен қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы бойынша сұрақтар енгізілді. Жеке кезеңдерде қатысушылардың тілдерді білуін, сонымен қатар логикалық ойлауын тексерді. Жауап ретінде балаларға 30-дан 60 секундқа дейін уақыт берілді.

Үшінші орынға 25 сұрақтың 18-іне дұрыс жауап берген Нұр-Сұлтан қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектептің тәрбиеленушісі Диас Мәулембердиев иеленді. Екінші орынға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Батыс» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Аружан Иманова табан тіреді. Ол 19 сұраққа дұрыс жауап берді. Зияткерлік ойынның жеңімпазы ҰҚК Шекара қызметінің «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Даниял Жаркенов болды.

айбын
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Байқау жеңімпазы 25 сұрақтың 24-іне дұрыс жауап беру арқылы бір ғана қателік жіберді.

Қатысушылардың алдында тағы да көптеген қызықты сайыстар күтуде. Жинның келесі кезеңі – «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы. Аталмыш сайыста қатысушылар өздері дайындаған музыкалық-театрландырылған нөмірді ұсынуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, «Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны еліміздегі шектеулі санитарлық-эпидемиологиялық шараларға байланысты алғаш рет онлайн режимде өтуде. Оны ұйымдастыру үшін Aibyn мобильді қосымшасы мен веб-сайтты қамтитын арнайы аibynonline.kz онлайн-платформа әзірленді.

Жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 39 команда қатысуда. Атап айтқанда «Жас ұлан» республикалық мектептерінің, өңірлік әскери мектеп-интернаттарының, Қарулы Күштердің әскери-патриоттық клубтарының, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының тәрбиеленушілері. Қатысушылардың жалпы саны 585 адамды құрайды.

Үйлестіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында фронт-офис құрылды, онда Led-экранда жарыс барысы бақаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877638-ajbyn-ziynyny-algasky-zeimpazdary-belgili-boldy.html