RU

Нидерланды мен Францияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Нидерланды мен Францияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті
Көрнекі фото: Nicolo Filippo Rosso/Bloomberg via Getty Images

RIVM нидерландтық қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметі бойынша Нидерланды коронавирус жұқтырудың 3831 жаңа жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Нидерландыдағы күн сайынғы статистика тәулігіне ауруға шалдығу жағдайларының саны 600-ге дейін артқанын көрсетуде. Жергілікті ауруханадағы пациенттер саны 42-ден 733-ке артқан. Оның ішінде 160 адам интенсивті терапия бөлімінде ем алуда. Нидерландыда қауіпті вирустан көз жұмғандар саны тоғызға көбейген, орташа есеппен алғанда күніне 14 өлім жағдайы тіркеледі.

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте жаңа шектеулер енгізілгенге дейін алдағы бірнеше күн ішінде коронавирус жұқтыру жағдайларының саны 5000-ға дейін болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Вирустың алдын алу бойынша жаңа шаралар қатарында кафе мен барлардың кешкі 22:00-де жабылуы, топтасып жүруді шектеу және қоғамдық ғимараттарда, соның ішінде дүкендерде, мұражайларда және мемлекеттік мекемелерде міндетті түрде маска тағу бар. Коронавирус жұқтырудың ең жоғары динамикасы ірі мегаполис Амстердамда тіркелген.

COVID-19 ауруының өсу тенденциясы Францияда да тіркелді. Мұнда сенбі күні кешке 16 972 коронавирусқа шалдығу жағдайы анықталды. Эпидемия өршіген Париж бен оған жақын маңдағы бірнеше мегаполисте "қызыл аймаққа" ену қаупі бар. Бұл жағдайда Франция үкіметі келесі аптада қоғамдық тамақтану және демалу орындарының жұмысына жаңа шектеулер енгізуге дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 71 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Оған қоса, елімізде өткен тәулікте КВИ диагнозы қойылған 3 қазақстандық қайтыс болды. Коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877707-niderlandy-men-franciada-koronavirus-zktyrgandar-sany-sti.html