RU

Тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу үшін не істеу қажет

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу үшін не істеу қажет? Көптің көкейінде жүрген сауалға Facebook әлеуметтік желісінде "Азаматтарға арналған үкімет" МК басқарушы директоры Мұрат Жұманбай жауап берді жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Egov.kz порталы арқылы:

  • Egov.kz (http://%F0%9F%93%8CEgov.kz) порталына кіріңіз;
  • Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;
  • Қызметті онлайн сұратыңыз;
  • Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;
  • Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
  • Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;
  • Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;
  • Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз

Телеграм бот арқылы:

  • Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;
  • Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;
  • Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
  • Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;
  • Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;
  • Мекенжай мәліметтерін растаңыз;
  • Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;
  • Емхананы таңдаңыз;
  • Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;
  • Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

Емхана арқылы:

  • Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.
  • Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні

Қызмет нәтижесі:

  • Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.
"Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал", - деді Мұрат Жұманбай.

Сонымен қатар, емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығарылады.

Айта кетейік, елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877794-trgylykty-zeri-bojynsa-emhanaga-tirkelu-sin-ne-isteu-kazet.html