RU

Төрт жыл бойы вагонда тұрып келген мектеп мұғалімі баспаналы болды

Фото
Фото: muftyat.kz

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғыны Мая Цопонқызына үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Төрт жылдан бері 40 тонналық темір контейнерді паналап келген мектеп мұғаліміне "Зекет" қорының "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйытқы болуымен 279-баспана кілті бұйырды.

Фото
Фото: NUR.KZ

Мая Цопонқызының жұбайы Әскер Калемханұлы басынан жарақат алып, еңбекке жарамсыз болып қалғалы олар темір контейнерді паналап келген.

Әйел сырқат күйеуі мен екі баласын асырау оңайға соқпаса да, Қоянды мектебіндегі ұстаздық қызметінен қол үзбегенін жеткізді.

Фото
Фото: muftyat.kz
"Игілікті шараға белгілі тележүргізуші, сенатор Дана Нұржігітқызы арнайы қатысып, мектеп мұғалімінің қуанышымен бөлісіп қайтты. Жаңа баспанада жайылған дастарханда басында ізгі тілектер айтылып, қазақы дәстүрге сай жаңа шаңыраққа қажетті сыйлықтар тарту етілді. Игі шараға демеушілік танытып, сүттей ұйыған бір отбасының бақытты болуына септіктерін тигізген Ерлік Хайдарұлы бастаған ел ағалары да қуаныштың басынан табылып, ізгі тілектерін білдірді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Павлодар облысы Шарбақты ауданы Есілбай ауылының белсенді жастары жергілікті зейнеткерге екі бөлмелі үй салып бергенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қособа ауылының тұрғындары балаларына арнап мектеп салып берді. Оқу орнының құрылысы үш жылда аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877914-trt-zyl-bojy-vagonda-tryp-kelgen-mektep-mgalimi-baspanaly-boldy.html