RU

"Клеопатра": Ханшайым образындағы Сәдуақасова ерлерді естен тандырды (фото)

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова Мысырда өткізген фотосессияларының нәтижесімен енді ғана бөлісіп жатыр. Шетелдегі демалысына бірқатар ерекше образдарын ала барған өнер иесі табиғат аясындағы суреттері қалай шыққанын көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова соңғы фотосессиясында ханшайым образына еніп, барша ер-азаматтарды өзіне ғашық етті. Аталмыш суреттерде әншінің құм шөлде ақ түсті көйлекпен жатқанын көруге болады.

Талдырмаш мүсінді әнші өз жанкүйерлерін естен тандырып, желіде қызу талқы тудырды. Көпшілік өнер иесінің аса ерекше образына қатысты пікір білдіріп, оған тәнті болғандарын ашық жеткізді.

"Сені сүйемін" , "Неткен сұлусыз. Өзіңізге ғашық ете бересіз" , "Клеопатра іспетті жатырсыз. Қасыңызға Цезарь жетіспейді" , "Мадина ханым Мысыр дәл біздің Қызылорда секілді құм дала" , "Тигрица" , "Құмның үстінде жатқан ару", "Мысырдағы бикеш" , "Киноға түсе беруге болады" , "Талдырмаш мүсінді әнші" , "Кәмшаттан еш жеріңіз кем емес, тіпті артып түспесе" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Аша Матай да желіде қызу талқыға қалған болатын. Тележүргізуші парақшасында болашағын болжайтын қосымша нәтижелерін жариялаймын деп басы бәлеге қалды.

Ол жерде әншінің болашақ жары мұнайшы болатыны жазылған. Оған қоса, өнер иесі болашақта Америка Құрама Штаттарына көшіп барады деп күтілуже.

Бұл жайт желі қолданушыларына мүлдем ұнамай, барлығы Аша Матайдың жеке өмірін сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878031-kleopatra-hansajym-obrazyndagy-sduakasova-erlerdi-esten-tandyrdy-foto.html