RU

Нұр-Сұлтанға алғашқы қар жауды (фото, видео)

Елордаға қар жауды
Фото: NUR.KZ

Бүгін, 7 қазанда еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы қар жауды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Биыл елордаға алғашқы ақ ұлпа жылдағыдан ерте түсті. Жергілікті тұрғындар түсірген кадрларда астанадағы қардың қаншалықты көп болғанын көруге болады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласының алдағы екі күніне болжам жасады.

Сонымен 7 қазанда елордада +3 пен +5 арасында нөлден жоғары болады. 8 қазанда ауа температурасы минусқа дейін төмендейді: түнде -3 пен -5, ал күндіз +1 мен +3.

Еске сала кетсек, бұған дейін ақ ұлпа Алматы қаласының таулы аймақтары мен Қарағанды облысына жауған еді.

Алайда Қарағанды облысында қар лезде еріп кеткен. Шөгінділердің қалыңдығы 0,6 миллиметрді құраған.

Айта кетсек, Алматы облысындағы тас жолды қар басқаны хабарланды. Салдарынан жазғы дөңгелегі бар көліктер тас жолдың биік белесіне шыға алмай, кептеліп қалғандықтан, ондағы адамдарды шұғыл эвакуациялауға тура келді.

Оқиға бір күн бұрын, 6 қазанда болған. Түнгі сағат 16:40 шамасында Төтенше жағдайлар министрлігіне Кеген-Ақсай тас жолының 15-ші шақырымында, Кеген асуында қалың қардың салдарынан көліктер кептеліп қалды деген хабарлама келіп түсті. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келді.

Құтқару жұмыстары кезінде Кеген ауылындағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері төрт адамды - ауруханаға бара жатқан ер адамды, сондай-ақ екі баласы бар әйелді эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878245-nr-sltanga-algasky-kar-zaudy-foto-video.html