Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқынның әйелі Жұлдыз Өмірғалидың шоу-бизнестен біржола кеткені рас па

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали мен Бауыржан Сатов
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Отандық танымал әнші Жұлдыз Өмірғали жанкүйерлерімен өмірінде болып жатқан соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Айқынның жары өзін қалың көпшілікке енді басқа қырынан танытпақ. Әнші әрі актриса болып көрген ару бұдан былай Алматы арнасында бағдарлама жүргізетін болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали өзін бұрын-соңды аяқ баспаған салада сынап көрмек. Шоу-бизнес жұлдызы енді тележүргізуші қызметіне кірісіп кеткені туралы Instagram парақшасында хабарлады.

"Таңым Алматы арнасындағы "Таңғы студио" бағдарламасында басталды. Жүргізуші ретіндегі алғашқы қадамым. Бауыржан Сатов рахмет, әріптес болып жатқанымызға қуаныштымын. Оқырмандарымды таңғы 8.00-10.00 дейін "Таңғы студио" бағдарламасында күтемін" , - деп жазды Өмірғали.

Айқын Төлепбергеннің жары жасаған бұл күтпеген мәлімдеге желі қолданушыларының пікірі екі түрлі болды. Бірі әнші аруды жан-жақтылығы мен қайсарлығы үшін мақтап жатса, енді бірі оның өнер саласынан біржола кеткенін болжады.

Көпшіліктің пайымдауынша, Жұлдыз Өмірғали бірте-бірте шоу-бизнестен алыстай бастайды. Оқырмандар бұл отағасының қалауы деп таныды.

"Жарайсың, жаңа бастамаң құтты болсын. Тек қана алға" , "Сенің қолыңнан бәрі келеді", "Әншілердің барлығы жүргізуші болып кеткен недеген тренд бұл" , "Тележүргізуші болдым деп неке жүзігін шешіп тастаған ба" , "Сәттілік тілеймін" , "Осылай өнерден де жоқ болады" , "Әншілікті қойып кеттің бе?" , "Енді шоу-бизнесте көре алмайтын шығармыз сені? Меніңше бұл Айқынның ісі" , "Айқын келіншегін өнерден алыстатпақ секілді ғой" , - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878251-ajkynny-zary-sou-biznesten-birzola-ketkeni-ras-pa/

pixel