RU

Локдаун желтоқсанда енгізілуі мүмкін: Цой үш сценарийді атады

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты. Ол бірнеше сценарийді атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Цойдың айтуынша, пессимистік сценарий бойынша, егер маска тағу режимі 60 пайыз ғана сақталса, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адам болады. 65 мың адам ауруханаға жатқызылады.

Бұл жағдайда елде локдаун желтоқсан айының ортасында енгізілуі мүмкін.

Екінші шынайы сценарий бойынша, әлеуметтік қашықтық талабы және маска тағу режимі 70 пайыз сақталса, онда 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында коронавирус жұқтырған адамдардың саны 90 мыңды құрайды, 30 мың адам ауруханаға жатқызылады.

Бұндай жағдайда локдаун 2021 жылдың қаңтарында енгізіледі деп болжанып отыр.

"Егер әлеуметтік қашықтық ережелері сақталып, 100 пайыздық маска режимі қамтамасыз етілсе, қатаң карантинге жүгінуіміздің қажеті болмайды.
Осы оптимистік сценарий бойынша 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 40 мың адамды құрайды, 15 мың адам ауруханаға жатқызылады", - дейді Алексей Цой.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі науқастар саны қайта өсуде екенін, егер азаматтар санитар дәрігерлердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878403-lokdaun-zeltoksanda-engizilui-mmkin-coj-s-scenarijdi-atady.html