RU

"Үлкен тәжірибе": Нұрлан Еспановтың ұлы Сағынтаевтан алғыс хат алды (видео)

Еспанов Олжас Сағынтаевтың алғыс хатын алды
Фото: Instagram/espanov_olzhas

Қазақ эстрадасының жұлдызы әрі белгілі композитор Нұрлан Еспановтың ұлы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алғысына ие болды. Праймеризге қатысып, үлкен тәжірибе жинаған Олжас Еспанов күні кеше салтанатты түрде марапатталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес-өкілінің баласы саяси салаға бет бұрып, жақында өткен праймеризге белсенді түрде қатысқан болатын. Олжас Еспанов аталмыш шара өзі үшін аса үлкен тәжірибе болғанын алға тартты. Оның үстіне ол мұндай маңызды үрдістің бір бөлігі болуды кптен бері армандағынан жасырмады.

Нәтижесінде оның талпынысы мен саяси салаға деген қызығушылығы оңтүстік астана әкімінің көзіне түскен. Бақытжан Сағынтаев Еспановтың ұлын өз алғыс хатымен марапаттаған.

Алайда, марапатты әкімнің өзі емес, "Nur Otan" партиясының Медеу ауданындағы филиал төрағасының бірінші орынбасары Олжас Шәріпов табыстаған.

Бұл жаңалығымен Олжас Еспанов бірден Instagram оқырмандарымен бөліскен.

"Праймериз - мен үшін үлкен тәжірбие болды! Тағы да бір арманым орындалды десем болады, арманым қатысып көру болды. Мен үшін бұның өзі үлкен жеңіс! Қаншама адаммен сайысқа түсіп, белгілі тұлғалармен дебатқа қатысудың өзі ерлік деп ойлаймын. Бірақ сайлауалды бағдарламам жәйында қалмайды, міндетті түрде жүзеге асатын болады.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мырзаның алғысын Олжас Шәріпов салтанатты түрде табыстады. "Nur Otan" партиясына рақмет осындай мүмкіндікті әр қазаққа бергені үшін, елім дейтін жерім дейтін жастар көбейе берсін! Сайыс өз мәресіне жетті, әрбір мені қолдаған жанға алғысым шексіз, рақмет сіздерге! Құрметтеймін" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878519-lken-tziribe-nrlan-espanovty-ly-sagyntaevtan-algys-hat-aldy-video.html