Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері автобустар жұмысы тоқтатылa ма

Опубликовано:

қоғамдық көлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алдағы жексенбі, 11 қазанда елорданың қоғамдық көліктері тоқтатылмайды. Бұл туралы City Transportation System (CTS) компаниясының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

"Жексенбі күні, 11 қазанда автобус қатынайтын болады. Ауа-райының салқындауына байланысты, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұл күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүретін болады.  Басқа күндері де қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Мамандардың сөзінше, қалыпты жағдайда әр айналымнан кейін соңғы аялдамада қоғамдық көліктерге дезинфекция жасалмақ. Бұл шара автопарктерде де атқарылады екен.

Компания қызметкерлері қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

Олардың мәліметінше, автобустарға маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.

Айта кетейік, бұған дейін демалыстағы локдаун аясында жексенбі күндері қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда тағы 92 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878617-nr-sltanda-demalys-knderi-avtobustar-zmysy-toktatyla-ma/

pixel