Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде миллиондаған сомада бюджет қаражатын жымқыру анықталды

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақтөбеде өңірлік экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы ҚМ қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері арнайы іс-шара барысында мемлекеттік мекеме жанындағы кәсіпорын мен ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалғанын анықтады.

Олар өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша Мұғалжар ауданының ауылдық округінде сумен жабдықтау желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді қарастырған. Келісімшарттың жалпы сомасы 163 миллион теңгені құрады.

Алайда департамент өкілдері анықтағандай, мердігер жұмысты толық көлемде орындамаған. Алдын ала мәлімет бойынша, мемлекетке 13 миллион теңге сомасына шығын келтірілген.

"Өзгенің сеніп тапсырған мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ мемлекеттік органда қызмет ететін лауазымды тұлғалардың ақша жымқыру ісіне қатыстылығы тексерілуде.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл басынан бері 9 әкімнің қарамағындағы жемқор қызметкерлері үшін отставкаға өтініш бергенін жазған едік.

Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық және облыстық деңгейдегі тоғыз әкім жұмыстан кетуге өтініш берді, 6 адам жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыдағы Халықаралық ақпараттар технологиялық университетінің бұрынғы ректоры 8 жылға сотталғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878621-aktbede-milliondagan-somada-budzet-karazatyn-zymkyru-anyktaldy/

pixel