Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ана бақытын сыйлағым келеді": Жеңгесіне жеті жыл ғашық болған жігіт сырын айтты

Опубликовано:

Ғашықтар
Көрнекі фото: foma.ru

Жеті жыл бойы жеңгесіне ғашық болған жігіт жан сырын ақтарды. Ол осыған дейін ана бақытын сезінбеген келіншекке бала көтерткісі келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап.

"Мендегі мәселе мынадай. Бөле ағам бар. Үйленгеніне жеті жыл болды. Жеңгем ажарлы, қыпша белді, өте сұлу жан. Жеңгеме ессіз ғашықпын. Бірақ, ғашық екенімді білдірген емеспін. Сол бөле жеңгем жеті жылдан бері бала көтерген емес. Оны сеземін, білемін, қатты қиналып жүр",- деп ағынан жарылды жігіт.

Айтуынша, жеңгесі жақында дәрігерге қаралыпты. Оның бала көтеруге мүмкіндігі бар екен. Ал күйеуінің мұндай қабілеті тек 30% ғана көрінеді.

"Мен сол бөле жеңгеме бала көтертіп, ана бақытын сыйлағым келеді. Бірақ, бұл жайында жеңгеме айта алмаймын.Жүрегім дауаламайды. Егер жеңгем мені түсініп, айтқандарыма келіссе, арамыздағыны құпия ұстауға жігіт атыммен сөз берер едім, Әттең, айтуға тілім бармайды. Оның тек сәби сүйіп, ана бақытын сезінгенін қалаймын",- дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін әйелді жүкті ету үшін еркек қандай тағам жеуі қажет екенін жазған болатынбыз.

Мамандар айтуынша, дені сау сәби сүйгісі келетін еркектердің тамақ құрамында фолий қышқылы, йод, мырыш, темір және микроэлементтерге бай азық-түліктер болуы тиіс. Күн сайын көкөніс пен жемістен екі данадан жеп тұрғаны жөн.

Тіпті, арнайы диета ұстауға да болады. Ал шауһат құрамын жақсартатын азық-түліктерге мыналар кіреді:

Ет: оны дайындаудың тәсілі өзгереді. Пешке немесе буға пісіргенде, еттің құрамындағы пайдалы заттар көбірек сақталады.

Нан: жоғары сапалы бидай ұнынан жабылғаны дұрыс.

Картоп: ол да буға немесе пешке пісуі керек.

Балғын жеміс: күн сайын жеу қажет.

Тамақ құрамына осы азық-түліктер кіретін болса, сперматозоид мөлшері екі есеге артады. Сонымен қатар, сұйықтықты көп ішу де шауһат сапасын арттыра түседі. Ал кофені мүмкін болғанынша, ішпеген дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878728-bala-sjgim-keledi-zegesine-zeti-zyl-gasyk-bolgan-zigit-syryn-ajtty/

pixel