Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың үйіне ұрлыққа түскен жігіт жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Роналду
Фото: news.noteru.com

Португалияда ерекше тонау болды. Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың Мадейра аралындағы үйіне ұры кіріп кетті. Полиция келгенде олар қылмыскердің қолды қылған затына таңданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роналду өз елінің ұлттық құрамасында Испания құрамасына қарсы ойнаған уақытта, қарақшы ашық тұрған гараж есігінен үйге кіріп кетіпті.

Dnoticias.pt хабарлауынша, қылмыскер ақшаға, зергерлік бұйымдарға немесе техникаға қызықпаған.

Ол тек Криштианудың қолтаңбасын ғана қалаған екен. Сол себепті футболшының қолтаңбасы бар "Ювентустың" жейдесін және оның гардеробындағы бірнеше затын ұрлап алыпты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шығын 200 еуроға бағаланған. Полиция бейнебақылау камераларынан ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, оны іздестіруде.

Естеріңізге сала кетейік, Францияның "Ницца" футбол клубында және Дания ұлттық құрамасында өнер көрсететін аяқ доп шебері Каспер Дольберг ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынында болғанда, оның автокөлігін ұрлап, пәтерін тонап кеткен еді.

Италиялық "Ювентус" пен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың миллиардер атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Осылайша, 35 жастағы шабуылшы қаржылық жағдайы 1 млрд доллардан асқан әлемдегі алғашқы футболшы атанды.

Жалпы Криштиану бұндай көрсеткішке жеткен әлемдегі үшінші спортшы болып отыр. Одан бұрын спорт өкілдері арасында гольф ойыншысы Тайгер Вудс пен кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер миллиардер атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1878771-ronaldudy-jine-rlykka-tsken-zigit-zrtty-tagaldyrdy/

pixel