RU

Нұр-Сұлтан-Орал пойызында жолсерік пен ревизор төбелескен

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Көліктегі полиция департаментінің инспекторлары пойызда төбелескен жолсерік пен ревизорды әкімшілік жауапкершілікке тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қалижан Қобыландин 1985 жылғы Көкшетау қаласының тұрғыны Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция бөліміне Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Орал бағыты бойынша жолаушылар пойызы вагондарының бірінің жолсерігіне шара қолдану туралы өтінішпен жүгінгенін атап өтті.

Өтініш беруші өзінің ревизор болып жұмыс істейтінін айтты дейді ол.

Қобыландиннің сөзінше, ревизор мен жолсерік арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

Белгілі болғандай, 49 жастағы жолсерік ревизорды балағаттап, оған қол жұмсаған.

Ревизор оған жауап ретінде жолсеріктің маңдайын шынтағымен ұрған.

Жолсерік пойыздан түсірілген. Ол да ревизордың үстінен полицияға арыз түсірген.

"Мән-жайды анықтағаннан кейін полиция ревизорға қатысты әкімшілік кодекстің 4342-бабының 1-тармағы ("Ұсақ бұзақылық") және жолсерікке қатысты әкімшілік кодексінің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұрып-соғу") әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік істер процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", - дейді Қалижан Қобыландин.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда қыз бен жігіттің жолдың қақ ортасында төбелескенін жазған едік.

Кейін оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878786-nr-sltan-oral-pojyzynda-zolserik-pen-revizor-tbelesken.html