RU

Британиялық келіншек пойыз вагонын еске түсіретін баспананы өзі тұрғызып алды

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Ұлыбританияда 47 жастағы екі баланың анасы небәрі 89 күнде ауданы 7,3/2,4 метрді құрайтын жазғы үйді салып шықты. Пойыз вагонына ұқсаған баспана көпті таңғалдырады деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Аталмыш үй Солтүстік Йоркширдегі Гаррогейт қаласындағы фермада орналасқан. Эмма Хаммонд үйдің құрылысына жалпы 7000 фунт стерлинг (3,5 млн теңгеге жуық) қаржы жұмсаған.

Баспананың ішінде бір жатын бөлме, жиһаз, үйді безендіріп тұратын ретро стильдегі аксессуарлар, оның ішінде пойыздың есігі, тұтқалары, багаждың ілгектері, өрт шықса белгі беретін шамдар бар. Британиялық тұрғын өзін ұсталған материалдардан вагон жасаған тұңғыш адам деп біледі екен.

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Эмма мамандығы бойынша фотограф және массаж жасаушы. Ол өмір бойы пойыздарға қызығушылық танытып келген. Оның вагонға ұқсас үй тұрғызуына фермаларының жанында орналасқан темір жол шабыттандырыпты. Келіншекте Йорк теміржол мұражайы экспонаттарының арқасында түрлі идеялар пайда болған.

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Эмма бұрын-соңды ешқашан өз қолымен үй тұрғызып көрмеген. Ал ойындағы үйді тұрғызған соң Airbnb қосымшасы арқылы жалға беріп жүр.

Оған екі адам сыйып кете алады. Үйдің иесі қонақтардан бір түнге 85 фунт, яғни 45 мың теңгеге жуық ақша алады. Ал келушілер ыстық ваннаға түскісі келсе, қосымша 25 фунт төлеуге міндетті.

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда 170 мың долларға сатылып жатқан кішігірім баспана жайлы жазған едік.

Сондай-ақ арманындағы үйді небәрі бір жарым айда салып, бар-жоғы 9000 доллар жұмсаған ер адам туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878797-britanialyk-kelinsek-pojyz-vagonyn-eske-tsiretin-baspanany-zi-trgyzyp-aldy.html