RU

Бішкекте бүгін болған қақтығыстан бес адам зардап шекті

аурухана1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ала-Тоо алаңында өткен қақтығыстарлан кейін Бішкек ауруханаларына әртүрлі жарақат алған бес адам түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зардап шеккендер қатарында Қырғызстанның премьер-министрлігіне үміткер Тилек Токтагазиев, сонымен бірге елдің бұрынғы үкімет басшысы Темир Сариевтің оққағары бар.

Sputnik Қырғыстан Telegram арнасының хабарлауынша, екі науқастың да жағдайы орташа ауыр деңгейде. Токтағазиев жабық бас-ми жарақатын, бас жарақатын алған.

Темир Сариевтің оққағары да жабық бас-ми жарақатын алған. Сондай-ақ оның бас миы

Нәтижесінде жалпы саны бес адам Ұлттық госпитальге жеткізіліп, Токтагазиев пен оққағар ауруханаға жатқызылған.

Еске сала кетсек, бүгін Бішкекте елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен митинг өтті. Ол акция барысында өзіне билік керек емес екенін айтты.

Кейінірек, митинг кезінде адамдардың бірі көлікке оқ атқаны бейнеленген видео желіде тарап кетті.

24.kg ақпараттық агенттігінің жазуынша, бұл Алмазбек Атамбаевтың көлігі болған.

Агенттікке "Қырғызстанның социал-демократтар" партиясының штабы Фарид Ниязовқа сілтеме жасап, Сапар Исаков пен Алмазбек Атамбаев отырған көлікке оқ атылғанын растаған.

Айта кетсек, Қырғызстанның қазіргі президенті Сооронбай Жээнбековтың Бішкекте төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878872-biskekte-bgin-bolgan-kaktygystan-bes-adam-zardap-sekti.html