RU

Ерлан Тұрғымбаев Үштөбеде тоңазытқыштан табылған екі жасар сәбидің өліміне қатысты пікір айтты

Ерлан Тұрғымбаев
Фото: Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook парақшасы

Еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үштөбеде өз баласын тоңазытқышқа салып қойған ананың әрекетіне қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев өз ойын Facebook желісіндегі парақшасында жазған.

"Менің тәжірибемде, жұмыс барысында, өкінішке орай, жантүршігерлік жағдайлар мен қылмыстар аз болған жоқ. Бірақ, қатігез ананың мұндай қандықол қылмысқа баруы - көп сұрақты жауапсыз қалдыруда. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады.

Бірақ, маңыздысы ол емес. Маңыздысы – баланың жазығы қандай? Айтуға ауыз бармайтын мұндай қылмыстар неге жасалады? Бүгінгі таңда шарасыз шарананы қоқысқа тастайтын, балаларды далада қалдыратын, тіпті қол жұмсайтын фактілер жиілеп кетті.

Бұған назар аудармасақ болмайды! Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан оларды аман-есен бағып, өсіру - әр азаматтың мойнындағы парыз!", - деп жазды министр.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Үштөбе қаласында 27 жастағы әйел екі жасар баласын өлтірді деген күдікпен қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Кейінірек, мұздатқыштан табылған 2 жасар бала жайлы оның көршісі айтып бергенін еді.

Айта кетсек, баласын өлтірді деп күдіктелген Үштөбе қаласының тұрғыны сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмысты жасыру үшін әйел баланың денесін мұздатқыш камераға тығып қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878969-erlan-trgymbaev-stbede-toazytkystan-tabylgan-eki-zasar-sbidi-limine-katysty-pikir-ajtty.html