RU

Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтілмек

блок-бекет 12
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығының" Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді.

Оған сәйкес: Тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.

  • Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.
  • Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.
  • Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.
  • Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.
  • Көпшілік жерде маска тағу және арақашықтық сақтау маңызды.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирусқа байланысты Солтүстік Қазақстан облысында екі аудан орталығының карантинге жабылатынын жазған едік.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Есіл ауданының орталығы Явленка ауылының аумағында 11 қазан сағат 00.00 -ден бастап кәсіпкерлік қызмет пен тұрғындарға қатысты айырықша талаптармен шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Бұндай тиісті қаулы Мамлют ауданының орталығына да қатысты дайындалып жатқаны белгілі болған еді.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан Булаев қаласының да карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 24 жағдайы анықталып, оның 15-і Булаев қаласында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879042-magystau-oblysynda-karantin-talaptary-ksejtilmek.html