RU

Коронавирусты қайта жұқтырудан алғашқы өлім дерегі тіркелді

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Әлемде коронавирусты қайта жұқтырудан алғашқы өлім жағдай тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

BNO агенттігінің ақпарынша, Нидерландыда коронавирусты қайта жұқтырған 89 жастағы әйел қайтыс болған. Мамандар бұл клиникалық жағдайды толығымен сипаттап, Оксфорд университеті басылымының сайтында жариялады. Дерекке сәйкес, әйл қатерлі ісікпен ауырған, ал коронавирусты екінші рет екі айдан кейін жұқтырған.

Шілдеде оны ақ халаттылар ауруханаға жатқызып, коронавирусқа тексеріс жүргізген. Тест оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, бірнеше күннен кейін оның белгілері жоғалып кеткен. Кейіннен ол ауруханадан шығады.

Ал екінші рет коронавирус инфекциясын жұқтырғанда әйелдің дене қызуы көтеріліп, жөтеле бастаған. Бір аптадан кейін оның жағдайы қатты нашарлап, ал екі аптадан соң қайтыс болған. Медицина қызметкерлерінің зерттеуі әйелдің SARS-CoV-2 коронавирусымен екі рет ауырғанын растады.

Айта кетейік, Қазақстанда жұмыста жүріп, коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден әлеуметтік өтемақы төленеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, төлем осы аптаның соңына дейін жасалмақшы. Бұл туралы тиісті ведомствоның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879244-koronavirusty-kajta-zktyrudan-algasky-lim-deregi-tirkeldi.html