RU

Мейрамбек Бесбаев әйелінің туған күнін жұлдызды достарымен атап өтті (фото, видео)

Мейрамбек Бесбаев пен Арман Дүйсенов жарларымен
Фото: Instagram/arman_duisenov_official

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев Алматы төрінде жары Мархабаттың туған күнін атап өтті. Дүбірлі той секілді өткен туған күн кешіне көптеген жұлдызды қонақтар жиылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев сүйікті әйелінің жаңа жасын оңтүстік астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген. Туған күн кешіне Мархабаттың жұлдызды құрбыларымен қатар, "МузАРТ" әншісінің өнердегі жақын достары да келген.

Олардың арасында Әсет Иманғали, Айман Нұразхан, Сәкен Майғазиев жарымен, Аида Боранбай, Ринат Зайытов, Рахман Омар, Арман Дүйсенов, Ернар Айдар, Нұрхат Сегізбай, Ғазизхан Шекербеков, Қайрат Әділгерей, Нұрболат Абдуллин, Жазира Байырбекова, Мақпал Жүнісова және тағы да басқа өнер жұлдыздары бар.

Желі қолданушылары Бесбаевтың жарын туған күнімен құттықтап, оған деген ақ тілектерін жарыса жолдап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін тойда ән салып жатқан видеосын жариялаған Гүлнұр Оразымбетованың басы дауға қалды. Әнші бейнежазба мұрағаттан алынғанын жазса да, қалың көпшілік оған сенім артпай шу көтерген. Нәтижесінде Ақтөбе қаласының санитар дәрігерлері дүбірлі шараның шын мәнін қашан және қайда өткенін анықтап жатыр.

Оған қоса, кеше әнші Абай Бегейдің бесінші перзенті дүниеге келді. Өнер иесінің жас келіншегі оған Мүсілім деген ұлының артынан қыз бала сыйлаған. Шоу-бизнес жұлдызының бірінші некеден үш, екінші некесінен екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879268-mejrambek-besbaev-jelini-tugan-knin-drkiretip-atap-tti-foto-video.html