RU

Одақ президенті Шәріпов құс тұмауына қатысты болжам жасады

Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауының аяқталуына қатысты болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"Ауа температурасы түнде нөлге дейін төмендеп, қар жауған кезде бұл вирус өледі. Сондай-ақ, 40-тан 70 градусқа дейін қайнаған кезде вирус жойылады. Меніңше, бір ай көлемінде толық аяқталады", – деді Шәріпов.

Сонымен қатар, Руслан Шәріпов нарықта тауық етінің бағасы қалыпты екенін, тек жұмыртқа бағасының көтерілгенін айтты.

"Біріншіден, бір жарым миллион тауықты өлтіріп алдық. Екіншіден, жемнің бағасы өсті. Доллар да көтерілді. Бізге бидайдан басқа керек заттар шетелден келеді. Дәрумен, құрал-жабдық, вакцина – барлығы шетел өнімі. Мәжбүрлі түрде құс фабрикалары бағаны көтеріп жатыр. Оның өзі бізге тиімді емес, себебі баға көтерілсе, Ресей, Беларусь өнімі базарларда көбейеді. Сол себепті қазір көтерілген баға әрі қарай көтерілмейтін шығар деп ойлаймын", – деді одақ президенті.

Айта кетейік, Қазақстандағы 64 құс фабрикасының екеуінде құс тұмауы тіркелді. Елдің 7 облысының 78 елді мекенінде құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.

Еске салсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері еліміздің алты облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілгенін мәлім етті.

Соған сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының ветеринарлары құс тұмауын жұқтырмаған үй құстарын қырып тастауға бекініп отыр. Осылайша, олар індеттің таралауын тоқтатпақ. Алайда бұны бұқара қолдамауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879307-odak-prezidenti-sripov-ks-tmauyna-katysty-bolzam-zasady.html