RU

Танымал қырғыз журналисі: Елде президенттікке лайық ешкім жоқ

Бахтияр Қыдыралиевич1
Бахтияр Қыдыралиевич. Кадр: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасынан

Белгілі қырғыз журналисі Бахтияр Қыдыралиевич Youtube-тағы қазақстандық "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат беріп, елдегі қазіргі ахуал жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сілтеме жасап.

Қырғыз журналисінің айтуынша, елдегі соңғы революцияда ел өздігінен көтерілген.

Ол өз сөзінде елге лайықты президент бола алатын адамды атай алмады.

Журналист билікке келгісі келген азаматтардың құр сөзбен мықты екенін атап өтті.

Бахтияр Қыдыралиевич сондай-ақ елдегі бірді-екілі партиялар Ресейге қосылу идеясын алға тартып жүргенін айтты.

"Ресейде біздің елдің 600-700 мың азаматы жүр, сыртқы миграция жоғары. Көбісі жастар, оң-солды танымай 11-сыныпты бітіре салып, жұмысқа кетеді. Сол жаққа кеткендер Қырғызстан қосылса деп тілейді. Ал ел үшін жүрген жігіттер қарсы", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шықты. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Сайлау нәтижесін жарамсыз деп табуды талап еткен наразылық акциясы тәртіпсіздікке ұласты. 6 қазанға қараған түні демонстранттар ел президентінің аппараты мен парламент депутаттары отыратын "Ақ үй" резиденциясын басып алды.

Кейін халыққа үндеу жасаған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеді.

Ал 9 қазанда Сооронбай Жээнбеков ел заң жолына қалай түссе, Қырғызстан президенті қызметінен кетеуге дайын екенін, сонымен қатар конституциялық өкілеттілігі аясында елдің бүтіндігі мен бейбітшілігін сақтап қалу үшін барын салатынын айтты.

Сонымен қатар 12 қазандаа Жээнбеков ел астанасы Бішкекте қайтадан төтенше жағдай енгізгені туралы хабарлаған едік. Бұл шешім Жогорку Кенештің бұрын енгізілген төтенше жағдай туралы мәселені үш күн ішінде қарамағандығына байланысты қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879353-tanymal-kyrgyz-zurnalisi-elde-prezidenttikke-lajyk-eskim-zok.html