RU

"Екінші толқыны жоқ": Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасады

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан "Пандемия 2020: қауіп-қатерлер, шешімдер, салдары" тақырыбында өткен халықаралық конференцияда сөз қозғады.

"Коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның ешқандай екінші толқыны жоқ екенін көрсетіп отыр", - деді ол.

Ницанның сөзінше, қазіргі уақытта кейбір елдерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өссе, кей мемлекеттерде керісінше азайып жатыр.

"Біз осы мәселені апта сайын бақылаймыз, коронавирустың деңгейі төмендеп жатқан елдердің жағдайын зерттеп отырамыз", - деді ұйым өкілі.

Осы орайда Ницан тағы бір мәселеге тоқталып өтті.

Ұйым өкілінің сөзінше, көптеген адам коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсіне бермейді, себебі әлемде халықтың 5 пайызы ғана індеттің ауыр түріне шалдыққан.

"Алайда жаңағы 5 процент қатты қиналады, олардың өміріне қауіп төніп тұр. Олардың жағдайы ауыр", - деді Ницан.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған болатынбыз. Жаңа шектеулер ертеңнен бастап заңдық күшіне енеді. Қосымша шектеулер елорданың әкімі Алтай Көлгіновтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879423-ekinsi-tolkyny-zok-dniezzilik-densaulyk-saktau-jymy-mlimdeme-zasady.html