RU

ЕҰУ оқытушыларының жалақысы соңғы үш жылда 100 пайызға өсті

ЕҰУ бас корпусы
Фото: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқытушыларының жалақысы 2018-2020 жылдар аралығында 100 пайызға көтерілді.

Оның басты себебі, үш факторға байланысты. Олар:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есе арттыру туралы.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдары.
  • Бакалаврлар мен докторанттардың 1 курсына арналған білім гранттарының құнын арттыру.

Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысының ең жоғары жалақысы 594 452 теңгені құрайды. Олар ғылыми мектептері бар мықты ғалымдар және оларға сабақ беру жүктелген. Бұл лауазымға конкурстық негізде таңдалады. Үміткерлер бекітілген біліктілікке сай болуы керек. Бүгінгі күні 12 адам Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқытушы-зерттеушісі мәртебесіне ие.

Тамыздағы есеп бойынша республикада орташа жалақы 211 226 теңгені құраса, онда Еуразия ұлттық университетінде бұл көрсеткіш 302 мың теңгеге артық, яғни 43 пайыздан асады. Жалпы, жалақы қоры университет бюджетінің 70 пайызын алады.

Сонымен қатар, еліміздегі жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын анықтайтын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рейтингісіне сәйкес Еуразия ұлттық университеті көшбасшылар қатарында.

Университет профессорлық-оқытушылық құрамының қаржылық жағдайын жақсартумен қатар, материалдық-техникалық базасын да кеңейтіп келеді.

2020 жылдың 1 қазанында студенттерді жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ететін 2 361 орындық студенттер жатақханасы кешенінің құрылысы басталды.

Сондай-ақ студенттер мен қызметкерлерге арналған спорттық-сауықтыру орталығы салынуда. Ол келесі жылдың ақпан айында пайдалануға берілсе, 2021-2023 жылдары инвестиция тарту арқылы және төрт студенттік жатақхана салу жоспарланып отыр.

Тағы бір атап өтерлік жайт, жыл сайын байланыс аясын кеңейту мақсатында компьютерлер, проекторлар, проекциялық экрандар және интерактивті тақталар мен сервер және басқа да жабдықтар сатып алынады. Қазіргі кезде олардың саны 521 дананы құрайды. Сонымен қатар 2000 дана компьютер, 150 дана проектор білім алушылардың игілігі үшін қызмет атқаруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879482-eu-okytusylaryny-zalakysy-sogy-s-zylda-100-pajyzga-sti.html