RU

Нұр-Сұлтанда жүк көлігінің жүргізушісі көпірдің бағанасына соғылды (фото)

Жол-көлік оқиғасы
Фото: instagram.com/astana_sergek

Жүк көлігінің жүргізушісі Нұр-Сұлтандағы "Астана Опера" театры маңындағы көпірмен соқтығысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасы болған жерден фотосуреттер тарауда. Фото Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланды.

Кадрдан жаяу жүргіншілер көпірінің жолағына құлаған көлікті, сондай-ақ апаттың салдарын көруге болады.

ПД оқиға кеше кешке болғанын хабарлады.

"33 жастағы жүргізуші ГАЗ автокөлігін басқарып, Қонаев көшесінің бойымен Тұран даңғылына қарай жүріп бара жатып, жол белгісінің талаптарын ескерместен, жаяу жүргіншілер көпірінің көлденең жолын соғып кетті. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде материалдық шығын келді. Зардап шеккендер болған жоқ", - деп оқиғаға қатысты түсініктеме берді елордалық полиция.

Департаменттің мәліметінше, жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан полициясы 13 қазан күні түнде Toyota көлігін мас күйінде басқарған әйелдің Лада көлігімен соқтығысқанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, осы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтанда мас күйде үш адамды қағып кеткен әйелге қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Сот қылмыстың ауырлығын, балалардың зардап шеккенін ескере отырып, айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Сонымен бірге сотталушы 10 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879556-nr-sltanda-zk-kligini-zrgizusisi-kpirdi-baganasyna-sogyldy-foto.html