RU

Атырауда 31 жастағы азамат 625 келі бекіремен ұсталды

Қылмыскер құрықталды
Көрнекі фото: Ria.ru

Атырауда Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде бекіре балығын тәркілеп, 31 жастағы тұрғынды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Yamaha» аспалы моторы бар қайықтан бекіре тұқымдас балықтардың 238 данасы тапқан.

«14 қазанға қараған түні Жайық өзенінің Дамба ауылы тұсында бірінші өзекте тәртіп сақшылары «Yamaha» аспалы моторы бар қайықты тоқтатты.

Қайықтан жалпы салмағы 625 келі болатын бекіре тұқымдас балықтардың 238 данасы табылды. Осы дерекке байланысты Жаңаталап елдімекенінің 31 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 339-бабымен (Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында аққуды атқан тұрғынның басы бәлеге қалғаны туралы жазған болатынбыз

Белгілі болғандай, полицияға Бескөл аңшылық шаруашылығының қорықшысы хабарласқан. Ол Мәмлүт ауданының Леденево селосының маңында "БМВ" маркалы автокөлікті тоқтатқанын, көліктің жүк салғышынан басы кесілген аққудың табылғанын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879630-atyrauda-31-zastagy-azamat-625-keli-bekiremen-staldy.html