RU

Алматыда 12 үйге ұрлыққа түсті деген күдікпен ағайындылар қолға түсті

күдікті
Көрнекі фото: sputnik.kz

Алматыда ағайынды екі жігіт 12 пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды. Полицияның хабарлауынша, күдіктілер ақша, әйелдердің күзен тоны, алтын бұйымдар, бас киім, ноутбук, сөмке ​​және басқа да құнды тұрмыстық заттарды қолды еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Күдіктілер Әуезов және Бостандық аудандарында күндіз домофон арқылы пәтерге қоңырау шалып, бос пәтерлерді іздеген. Домофон қоңырауына ешкім жауап бермесе, кіреберістерге, содан кейін үйдің ішіне кірген", – деді Алматы қаласының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Айтуынша, олар кешкі уақытта шамы өшірулі пәтерлерді таңдаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматтардың осыған ұқсас 12 қылмысқа қатысы бары дәлелденіп, айғақ заттар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандар мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдіктілердің Алматы қаласының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879664-almatyda-12-jge-rlykka-tsti-degen-kdikpen-agajyndylar-kolga-tsti.html