RU

Коронавирустың екінші толқыны: Өзге елдер азық-түлік қорын толтырып алуда

Супермаркет
Көрнекі фото: pixabay.com

Бірнеше ел коронавирустың екінші толқынына дайындалып, азық-түлік қорын молайтып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иордания бидайдың рекордты қорын жинап қойды. Ал Мысыр сәуірден бастап сатып алуды 50%-ға арттырған. Тайвань Қытай секілді сияқты стратегиялық азық-түлік қорын көбейтетінін мәлімдеді деп жазады BNN Bloomberg.

Мемлекеттер коронавирус порттарды, жеткізілімдерді және әлемдік сауданы бұзады деген қорқыныштан қорғануға тырысуда. Пандемия өндірушіден сатып алушыға дейінгі ішкі жабдықтау тізбегін бұзған соң, олар қазір сұранысты қанағаттандыру үшін қорларын жеткілікті етіп, қамтамасыз етіп жатыр.

Бүкіл әлем бойынша босап қалған дүкен сөрелері тұтынушылардың сатып алу әдетін өзгертіп, халық азық-түлікті артығымен сатып алған.

Ал кейбір елдер коронавирус жеткізілім тізбегін қайтадан бұзуы мүмкін деп азық-түлікті сатып алуды жылдамдатуға шешім қабылдаған. Түркия мен Мароккодағы өнімнің нашарлығы да импортты көбейту қажеттілігін күшейткен.

Елдердің сатып алуды ұлғайтуына байланысты ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы өсуде. Сонымен бірге, қымбатшылыққа Қара теңіз аймағындағы құрғақшылық та әсер етіп отыр.

Еске сала кетсек, кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен брифингте жыл соңына қарай қазақстандықтарда COVID-19-ға қарсы иммунитет төмендеп, вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879772-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-zge-elder-azyk-tlik-koryn-toltyryp-aluda.html