RU

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті

Қырғызстан президенті
Фото: Қырғыз Республикасы президенті сайты

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 15 қазанда Қырғыз Республикасы президенті елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қырғызстандықтарға үндеу жасады.

Жээнбековтің үндеуі мемлекет басшысының ресми сайтында пайда болды.

"Құрметті отандастар!

Еліміздің астанасы- Бішкектегі қоғамдық- саяси жағдай шиеленісе түсуде.

Кеше Жогорку Кенеш үкімет құрамын бекітті, мен Қырғыз Республикасы президентінің тиісті тағайындаулар туралы жарлықтарына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленісті жеңілдеткен жоқ.

Өкінішке қарай, агрессия азаймай тұр, менің тез арада отставкаға кетуім туралы талап жалғасып жатыр.

Бұл жағдай екіжақты шиеленіске жақын.

Бір жағынан — наразылық білдірушілер, екінші жағынан-құқық қорғау органдары. Әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға міндетті. Бұл жағдайда қан төгілетіні сөзсіз. Мен қос тарапты да арандатушылыққа ермеуге шақырамын.

Құрметті менің отандастарым!

Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, ел тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

Мен билікке таласпаймын. Қырғызстан тарихында қан төккен және өз азаматтарына оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді.

Сондықтан, отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын.

Ешқандай билік еліміздің бірлігі мен қоғамдық келісім тұтастығына жетпейді. Алла тағала бәрімізді сақтасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!", - дейді Сооронбай Жээнбеков.

Айта кетейік, осыған дейін Жээнбеков жаңа премьердің талабы бойынша президенттіктен кетуден бас тартқан еді.

Оған дейін саясаткер атқарушы билік органдарының заңды басшылары бекітілгеннен кейін және ел заң жолына түскен соң Қырғыз Республикасының президенті қызметінен кетуге дайын екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879794-kyrgyzstan-prezidenti-sooronbaj-zeenbekov-otstavkaga-ketti.html