RU

Алматыда карантин шаралары күшейтіледі

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялады. Оған сәйкес, мегаполистегі шектеу шаралары 2020 жылдың 15 қазанынан бастап күшейтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карантин талаптарына қатысты ақпарат coronavirus2020.kz telegram парақшасында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, отбасылық, салтанатты және естелік (банкеттер, үйлену тойлары, қалыңдықты шығарып салу, мерейтойлар, еске алу) бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.

Мәдени және ойын-сауық сипатындағы түрлі қызметтерді (караоке, кальян, бильярд, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық үй-жайлардағы аттракциондар, фуд-корттар, кинотеатрлар, балалар ойын алаңдары мен батуттар) ұсынатын мәдени-демалыс мекемелерінің, сондай-ақ демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмысына тыйым салу сақталады.

Заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметкерлердің кемінде 30 пайызын қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшіруді қамтамасыз ету қажет (штат кестесі 30 адамнан астам болған кезде).

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы симптомсыз және жеңіл нысандағы КВИ-мен, сондай-ақ анықталмаған пневмониямен ауыратын науқастарды үйде оқшаулауды, сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхат беруді қамтамасыз ету қажет.

Толық мәтінді мына сілтемеден оқи аласыздар.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879871-almatyda-karantin-saralary-ksejtiledi.html