RU

"Үшінші әйел алса": Жұлдыз Өмірғали Айқынның тағы үйленуіне қарсы емес пе

Айқын мен Жұлдыз
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Отандық танымал әнші Жұлдыз Өмірғали жолдасы Айқынның үшінші мәрте үйленуіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі отағасы тағы бір отбасын құруға шешім қабылдап жатса, қалай әрекет ететінін жасырмай айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали "Алматы" телеарнасына арнайы сұхбат беріп, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Ол жолдасының тағы бір рет үйленуіне қатысты қандай ойда екенін айтып, өз шындығымен бөлісті.

"Жоқ, алып беремін дегенде әрине, басқа салғанын көре жатармыз. Барлығын нақты былай болады деп айта алмайсың ғой. Өмір қызық қой. Бұрмалап басқа жақтан шығуы мүмкін" , - деді Жұлдыз Өмірғали.

Оған қоса, әнші Айқынның бірінші әйелімен қарым-қатынасына да тоқталып өтті. Ол алаңдауға еш негіз жоқ екенін алға тартты.

"Бір рет хабарласқан кезі болды. Оның сөзінде ондай жек көру деген сияқты нәрсе жоқ. Арамызды Айқын шешіп тастаған. Бір-бірімізге деген шағымымыз жоқ. Сол бес жыл бұрын қарым-қатынас болмайды деген бірден шешілді", - деп ағынан жарылды Айқынның келіншегі.

Жұлдыз Өмірғалидің сұхбатынан үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін актер Тәуекел Мүсілімнің жақында әке атанатынын жазған болатынбыз. Қалың көпшілік демалыста жүрген ерлі-зайыптылардың видеосынан Махаббат Мүсілімнің іші шығып қалғанын байқап қалды.

Оған қоса, жақында әнші Абай Бегей тағы да әке атанған еді. Эстрада жұлдызының бесінші сәбиі дүниеге келген. Екінші мәрте үйленген өнер иесінің жас келіншегі оған ұлдан кейін қыз бала сыйлаған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879935-sinsi-jel-alsa-zldyz-mirgali-ajkynny-tagy-jlenuine-karsy-emes-pe.html