RU

Коронавирус кезінде әлем елдері үйлену тойын қалай өткізуде

Джилл Стрифланд, Нидерланд
Джилл Стрифланд, Нидерланд. Фото: 4tololo.ru

Коронавирус салдарынан карантинге ұшыраған елдерде жас жұбайлар тойларын қалай қарсы алғанын 4tololo.ru сайты жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Коронавирус індетінің жайылуы нәтижесінде әлем елдерінің жұртшылығы карантин шарттарына бағынуға мәжбүр. Әсіресе той индустриясы карантиннің ауыртпашылығын барынша сезініп жатыр.

Лори-Энн Крю, Канада
Лори-Энн Крю, Канада. Фото: 4tololo.ru

Той фотографтарынан бастап, мейрамхана иелері мен той жұлдыдарына дейін қалың қауым қалталары жұқарғанын айтып, дабыл қағуда. Себебі, көптеген үйлену тойы кейінге қалдырылуда немесе қонақтар санына шектеу қойылуда.

Вальтер Антунеш, Португалия
Вальтер Антунеш, Португалия. Фото: 4tololo.ru

Десе де карантинге қарамастан, амалын тауып, ерекше күнді тойлатып жатқандар баршылық. Осы орайда жақындарын жинап, той жасағысы келген жас жұбайлар атаулы күндерін қалай өткізіп жатқанына көз жүгіртіп көрелік.

Кевин Хеффач, Ирландия
Кевин Хеффач, Ирландия. Фото: 4tololo.ru

Патрик Ломберт, Франция
Патрик Ломберт, Франция. Фото: 4tololo.ru

Себастьян Клавель, Франция
Себастьян Клавель, Франция. Фото: 4tololo.ru

Матеуш Добровольский, Польша
Матеуш Добровольский, Польша. Фото: 4tololo.ru

Фил Вун, Ирландия
Фил Вун, Ирландия. Фото: 4tololo.ru

Флавий Партан, Румыния
Флавий Партан, Румыния. Фото: 4tololo.ru

Челси Каннар, Ұлыбритания
Челси Каннар, Ұлыбритания. Фото: 4tololo.ru

Вальтер Антунеш, Португалия
Вальтер Антунеш, Португалия. Фото: 4tololo.ru

Еске салсақ, бұған дейін коронавирустан тойына қонақ шақыра алмаған жас жұбайлар ерекше тәсіл ойлап тапқанын жазған едік. Жас жұбайлар тойына 50 қонақтың орнына олардың картон қағазға жапсырылған суреттерін қатыстырған. Ғашықтар бұл үшін, тіпті шамамен 2 500 доларын жұмсауды артық санамаған.

Сонымен қатар коронавирустан шекара аса алмаған жұп тойды екі ел тоғысқан сызықтың бойында жасағанын жазған болатынбыз. Жұбайлар індет салдарынан шекара асуға шектеу қойған екі ел билігіне осылайша жауап қайтарыпты.

Сонымен қатар, Қытайда коронавируспен күресу үшін тойын кейінге қалдырған 50 жұп некесін қиғанын хабарлаған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879973-koronavirus-kezinde-lem-elderi-jlenu-tojyn-kalaj-tkizude.html