Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ Қазақстанда шетелдіктерді коронавирустан тегін емдеу туралы шешім қабылдады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда шетелдіктерді тегін емдеу туралы шешім қабылдады
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық шығарды. Құжатқа сәйкес, енді Қазақстанда жүрген шетелдіктер коронавирус инфекциясынан тегін емделеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдар ақысыз емделетін аурулар тізіміне енгізілді.

Тиісті құжат "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде тіркелді.

Осылайша, қазір Қазақстандағы резидент еместер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар аурулар тізімі 23 тармақтан тұрады, оның ішінде:

  • дифтерия;
  • қызылша;
  • қызамық;
  • жел шешегі;
  • тырысқақ;
  • іш сүзегі;
  • туберкулездің бірнеше түрі;
  • безгек;
  • коронавирус инфекциясы және тағы басқалары.

Құжатта сонымен қатар Қазақстандағы шетелдіктер осы тізімдегі аурулардың бірін жұқтырған кезде берілетін нақты медициналық көмектің көлемі анықталғанын айта кеткен жөн.

Зертханалардағы, ультрадыбыстық және рентгенологиялық диагностика бойынша мамандандырылған дәрігерлердің кеңестері берілетін болады.

Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Еске салсақ, Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайтадан күшейтілетіні туралы жазған едік.

Оған қоса, 16 қазаннан бастап Ақмола облысында, 17 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин талабы қатаңдатылады.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында да карантин шаралары күшейтілмек. Бас санитар дәрігерлердің тиісті қаулысы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880085-dsm-kazakstanda-seteldikterdi-koronavirustan-tegin-emdeu-turaly-sesim-kabyldady/

pixel