RU

АҚШ президент сайлауының қарсаңында Жерге астероид құлауы мүмкін

астероид 12
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық астрофизик Нил Денрасс Тайсон АҚШ-тағы президент сайлауынан бір күн бұрын Жерге көлемі тоңазытқышпен бірдей астероид құлауы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы маман өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

Оның айтуынша, 2018VP1 астероиды сағатына 40 мың шақырымнан астам жылдамдықпен Жер планетасына қарай жылжып келеді.

"Ол 2 қарашада Жерге құлауы мүмкін", – деп жазды Тайсон.

Айта кетейік, Америкадағы президент сайлауы 3 қарашаға жоспарланған.

Бұған дейін ел президенті Дональд Трамп Қытайдың коронавирус инфекциясы таралғаны үшін "жауап беретініне" уәде берген еді.

Сондай-ақ ол АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның қараша айындағы президент сайлауынан кейін пайда болатынын жеткізіп, бұған саясатты кінәлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған Дональд Трамптың ауруханадан шыққанын хабарлаған едік.

АҚШ президенті коронавирустан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралған.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өзін "өте жақсы" сезінетінін айтқан. Дональд Трамптың өзі Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, видео-хабарлама жасады.

Айта кетейік, Трамп кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқ тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Кейіннен ол Twitter желісіндегі парақшасында жұбайы Мелания екеуінің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880248-aks-prezident-sajlauyny-karsaynda-zerge-asteroid-klauy-mmkin.html