RU

Коронавирустың жаңа белгілері анықталды

тәжвирус 11
Көрнекі фото: pixabay.com

Лондон университетінің колледжі мен Корольдік ұлттық комитеттің ғалымдары коронавирустың жаңа симптомын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олардың пікірінше, есту қабілетіндегі өзгерістер инфекциядан хабар беруі мүмкін деп жазды Хабар 24.

COVID-19 анықталған бірқатар науқас оған дейін құлақтың шуылдауына шағымданған.

Сонымен қатар, коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастарда бұл симптом есту қабілетінің жоғалуына айналған жағдайлар болған.

Осыған байланысты ғалымдар дәрігерлерді пациенттердің есту қабілетіндегі кез келген өзгерістерге назар аударуға шақырды. Мамандар коронавирус кезінде құлақтың шуылдауынан басқа да белгілер болатынын атап өтті.

Айта кетейік, әлем бойынша пандемия басынан бері 39,1 млн адам коронавирус жұқтырған, 29 млн адам жазылып шыққан, ал миллионнан астам адам қайтыс болған.Ресейде коронавирус 1,3 млн тұрғында расталды. Ресей Федерациясы - COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина тіркеген алғашқы ел. Вакцина "Спутник V" деп аталады.

15 қазан күні Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" деген атау алған екінші вакцинаның тіркелгенін хабарлады. Оны новосібірлік "Вектор" орталығы әзірлеген.

Ал елімізде өткен тәулікте 102 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 109508-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880320-koronavirusty-zaa-belgileri-anyktaldy.html