RU

Қазақстанда кімдер 5000 долларға дейін жалақы алады

Долларр
Көрнекі фото: www.rbc.ru

«Adal bilim» жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде екі негізгі проблема бар екенін мәлімдеді. Соның бірі - оқытушылар мен профессорлардың жалақысының төмендігі деп жазады KAZ.NUR.KZ кеңсенің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, университеттер ғылыми салаға талантты кадрларды тартуы тиіс. Бұл ретте олардың жалақысы да тиісінше жоғары болуы шарт.

"Мысалы, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде халықаралық градация жүйесі бойынша жұмыс істейтін профессорлардың жалақысы $1000-дан $5000-ға дейін. Бұл жерде, әрине, мемлекеттік қолдау қажет. Көптеген елдер Жоғары оқу орындарының базасында жұмыс істейтін ғалымдарын тікелей қаржыландырады. Бұл өте маңызды аспект", - деп атап өтті Сергей Пен онлайн-брифингте.

Ол Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттер мен білім беру үдерісін бизнес ретінде қабылдайтынын да жеткізді.

"Студенттерге әмиян ретінде қарап, білім жүйесін табыс көзіне айналдырудың қажеті жоқ. Білім сапасы да тиісінше жоғары деңгейге көтерілсін. Мұндай жағдайда олар сұранысты жоғалтуға және кірістің азаюына дайын болуы керек. ЖОО сапасын арттыру үшін сыртқы бақылау тетіктерін қолдануды ұсынамын. Мысалы, баға медианасын енгізу идеясы. Кейбір университеттерде 100% студент қабылданып, 800% бітіріп шығады. Елімізде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Бұл мәселемен күресу керек", - деп мәлімдеді БҒМ "Adal bilim" жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880345-kazakstanda-kimder-5000-dollarga-dejin-zalaky-alady.html