RU

Ерекше достар (фото)

Кез келген адам өзіне дос таңдай алады. Ал жануарлар ше? Төмендегі суреттерге қарап, олардың өздеріне ерекше жолдас таңдағанына қайран қаласыз. (Суреттер bigpicture.ru сайтынан алынған).

Анасынан көз жазып қалған пілдің баласына қой қамқоршы болды. ОАР-дағы жануарларды қорғау орталығы.

Үйсіз мысықтың Берлин хайуанаттар бағындағы аюдың торына қалай өткені белгісіз, алайда соңғы 10 жылда қасынан шықпайды. Мысықты Азияның ең кәрі аюының қасында жиі көруге болады. 

Балапандар мына сиам мысығы мен питбульдің қасынан айналшықтап шықпайды. 

Үлкен алтын балық Чинно есімді өзінің бұрынғы досымен көрісуге келді.

Жетім қалған мадагаскарлық үйректің балапаны мен  кукабара құсының балапаны бір-бірінің қасынан шықпайды. Алайда табиғатта бұл  - бір-біріне мұлдем жақындамайтын құс түрлері.

Коко есімді какаду мысық Лакидің қасында тұр. Саванна, Джорджия штаты, АҚШ.

Екінші жұбын жоғалтып алған көгершінді жетім қалған макака-резус құшақтап тұр. Бұл екеуі Қытайдағы табиғи қорықта танысты. Аралда туып, жоғалып қалған маймылды қорықтың қызметкерлері тауып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/215324-erekshe-dostar-foto.html