RU

Баланың биологиялық әкесін анықтауды сұраған арыздар көбейіп кетті

Бүгінде ойнақтап жүріп от басып, не болмаса азаматтық некеде тұрып, баланың әкесінен алимент өндіре алмай жүргендер де, "баланың әкесі мен емеспін" деп бас тартатындар да баршылық. Сондықтан болар, бұл күні дәл осы мәселе бойынша сотқа арыз­дану­шылар қатары көбейген.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, құжат­та көрсетілген әкесінен туылмаған балалар саны 30 пайыз­дан асатын көрінеді. Сондай-ақ заң органдары бүгінде әкелікті анықтауға арыз берушілер саны артып отырғанын айтып отыр. Баланың әкесін анықтау туралы генети­калық экспертиза қызметіне жүгінудің қай кезде де әрі қымбат, әрі азабы көп, сондай-ақ психологиялық тұрғыдан жазым беретін әдіс екені белгілі. Алдымен сотқа ша­ғым­дану керек, ал ол – ұзақ қаралатын про­цесс. Одан бөлек сараптама қорытын­дысы туралы құжатқа қол жеткізу де оңай емес. Әкелікті анықтау ерікті түрде, кейде сот органдарының араласуымен жүзеге асып жатады.

Бұл туралы ҚР "Неке және от­басы туралы" заңында егжей-тегжейлі жазыл­ған. Атап айтқанда, ол заңда некеге тұр­мағандардың арасында дау туындаған жағдайда сот процесі тек әйелдің арызы бойынша қаралатыны жазылған. Азамат­тық процессуалдық кодекстің 91-бабының 8-тармағы бойынша, екі жақтың бірі тексеруден жалтарса немесе анықтауға қа­жет­ті материалдарды өткізуден бас тартса, онда сот кімнің кінәлі, кімнің кінәсіз екеніне қарамастан, әкелікті тануға шешім шы­ға­ра алады.

Соттың экспертиза таға­йын­дауын орындамағандар сотты құрметте­ме­гені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Тексеруден өту үшін үштіктің құрамы толық болуы керек, яғни әкесі, анасы және баласы үшеуі бірдей зертханаға анализ тапсырады. Оны медициналық тілмен атрио деп атайды. Онда әке мен бала қанының құра­мы 99,75 пайызға ұқсас болуы және әкелік PI ин­дексі 400-ден кем болмауы қажет. Нәти­же­нің нақты­лығы жоғары.

Әкелікті анықтау үшін ДНК-тесті үйде отырып та анықтауға болады екен. Бірақ ол заңды тұрғыда дәлелдеуге жатпайды. Заңды құжаттар түрлі құқықтық жағдайлар үшін аса қажет. 

Елімізде заң шығарушы орган еркектерге ДНК анализін тапсыру үшін анасынан рұқсат алуға тыйым салған жоқ әзірге. Ал Германияда баладан анасының рұқсатын­сыз немесе соттың шешімінсіз анализ ал­ған адамға 5 мың еуро айыппұл салынады. Зертхананың талабы бойынша, баладан биоматериалдар алынады, яғни сілекейі мен бірнеше тал шашы қажет болады.

Әкелікті анықтау үшін ДНК-тесті үйде отырып та анықтауға болады екен. Бірақ ол заңды тұрғыда дәлелдеуге жатпайды. Заңды құжаттар түрлі құқықтық жағдайлар үшін аса қажет. Зертханалар берген заңды қорытындылар отбасы­лық құқықты қорғау, алимент төлеуді шешу, баланы өз қарауында қалдыру және көші-қон мәселесін шешу үшін ауадай қажет. Әкелікті анықтау 20 күнге созылады. Қорытындысын пошта, факс, электронды нұсқада алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/215966-balanyn-biologiyalyk-ekesin-anyktaudy-syragan-aryzdar-kobejip-ketti.html