RU

Алматыда әйелдерді төсек қатынасына үйрететін клуб ашылды

Алматыда әйелдерді SEX-жаттығуға үйрететін клуб ашылды.

Заңды түрде тіркелген, жарнамасын еліміздің басты арналары "Хабар", "Ел арна", "СТВ" арқылы жасап тұратын, интернетте арнайы сайты жұмыс істейтін, Алматының қақ төрінде, Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан  әлеуметтік клубтың атауы - Вattler.

Әрине, клубқа мүше болған қарындастарымыз бен апаларымыз олардың арам ойы жоқ, халықтың мұқтажын өтеп отыр деп қарсы дау айтуы мүмкін. Иә, бір қарағанда бейкүнә тіпті жаңашыл, инновациялық ұстанымдары бар болып көрінеді.

Ең алдымен өздерін офис таппай омалып үйде отырғандарға бір күн немесе бір ай пайдалануға 1 шаршы метрлік жұмыс орынын беретін, сонымен қоса өзін өзі қорғаудың Израильден тараған жаңа мектебі Крав маганың жекпе жегін үйрететін, көрмелер, форумдар ұйымдастыруға жәрдем беретін мекеме ретінде таныстырады.

Ең соңында ең басты "көзірін" ашады. Ғимараттарының арғы түпкі бөлмелеріне өткен сайын үйдегідей жабдықталған бөлмелерді, төсек-орындарды көресіз. Міне, бұлар осы клубтың "Махаббат мектебі" деп аталатын үйірмесінің керек-жарақтары.

Жаңағы "басты көзір" деп отырғанымыз осы үйірме. Басқаларының бәрі осы мектепті сырт көзден көмескілендіру үшін, негізгі мақсаттарын жасыру үшін қосыла салған дүниелер.

Сонымен сайттағы жарнамасында "Махаббат мектебі" туралы былай дейді:

"Өзіңнің қалаулы болуыңа қарсы болма!!!Рецепт мынадай: әдемі және икемді дене, майысып жүру, құмарландыратын көзқарас, сиқырлы қозғалыс, әсерлі сүйкену, өзіңді ашып көрсету еркіндігі, өз тартымдылығыңа деген сенімділік пен күшті жынысқұмарлық қуаты.

Курстың бағыттары: Strip Dance, еріксіз қызықтыру және еліктіру техникалары, дем алу, энергетикалық және тәндік тәжірибелер, босаңсытатын және эротикалық массаж, оральды (ауыз) гимнастика, тұтқиылдан сүйкену, жыныс мүшесінің бұлшық еттерін жаттықтыру.

Жарнамасын мұнан ары тарқатып айтудың еш қажеті жоқ деп санаймын. Бір сөзбен айтқанда әйелді нағыз жезөкше болуға тәрбиелейтін орын. Өзіңіз де түсініп отырған шығарсыз, жоғарыда айтқан жаттығулардың көпшілігі екінші бір адамның қатысуынсыз өтуі мүмкін емес. Өкінішке орай, бұлардың сұрқия пиғылдарына шырмалып, онда барып жатқан қаракөз қыз-келіншектер көп.

Күйеуім басқа әйелге қарап қоймасын, оған тартымды көрініп, төсек ләззатын түрлендірейін деген оймен барып жатқандар да аз емес көрінеді. Сөйтіп келгендердің қолына курстан өтті деген сертификат беріледі. Мұндай сұмпайы сертификатпен күйеуінің көңілін қалай табады, түсінбеймін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/239039-almatyda-ejelderdi-tosek-katynasyna-yjretetin-klub-ashyldy.html