Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германия тұрғыны арықтау үшін үш жыл бойы корсет киіп жүрген

Опубликовано:

Берлиннің 24 жастағы тұрғыны Мишель Кобке үш жылдан бері белінен корсетін шешпей келеді. Бар мақсаты - диетасыз арықтау.

The Sun агенттігі хабарлағандай, бойжеткен жастайынан өзінің дене бітіміне көңілі толмай, арықтаудың бірнеше жолын пайдаланып көрген екен.

"Мен диетаға отырудан үзілді-кесілді бас тарттым. Өйткені, оның түк те пайдасы жоқ. Ата-анам болса белімнің 64 сантиметр болғандығы үшін қуануым керектігін айтатын. Дегенмен, бұл маған ұнамады, айнаға күнде қарап, көзіме жас алатынмын" дейді Кобке.

Осылайша ол арықтаудың ең қауіпті жолын таңдапты. Үш жыл бойына ол беліндегі корсетті шешпей киіп жүрген. Тіпті, үйреніп қалғаны сонша, ұйықтаған кезде де оны беліне тағып жатқан. Нәтижесінде бойжеткеннің белі 14 сантиметрге жіңішкеленіп, небәрі 40 сантиметрді құрады.

"Өзі тойса да көзі тоймайды" демекші, Кобкенің мұнымен тоқтайтын түрі жоқ. Ол Кэти Юнг есімді америкалық қыздың рекордын бұзбақшы. Юнгтің бойы 165 сантиметр, ал белі небәрі 38,1 сантиметрді құрайды.

Дәрігерлер болса Мишелдің бұл әрекетін құптамай отыр. Күні ертең денсаулығына үлкен зиян келтіреді дейді олар. Айтуларынша, арықтағысы келетін қыз-келіншектер корсетке жолаудың қажеті жоқ. Ол адамның ішкі ағзасына үлкен залалын тигізетіні бұрыннан-ақ дәлелденген дейді медицина саласының мамандары.

Дегенмен, дәрігерлердің бұл сөзі Кобкені ойынан айнытқан жоқ. "Жұрттар не айтса да мен алған бетімнен қайтпаймын. Арықтағаннан кейін менде өзіме деген сенімділік пайда болды", - дейді неміс қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/267256-germaniya-tyrgyny-aryktau-yshin-ysh-zhyl-bojy-korset-kiip-zhyrgen/

pixel