RU

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" Oрталық Азиядағы ең биік ғимарат болмақ

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" ғимаратын БАӘ-де Лувр филиалын құрып жатқан бас мердігер салады. 88-қабатты ғимарат тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкл Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болуы тиіс, деп жазады "Экспресс К".

"Абу-Даби Плаза" кешенінің жаңа бас мердігері болып Arabtec Holding PJSC компаниясы тағайындалды. Бұл компания 1,1 млрд. долларға келісім-шарт жасады. Бұрын хабарлағанымздай, бұрынғы бас мердігер – Aldar Properties PJSC компаниясымен келісім-шарт бұзылды.

"Абу-Даби Плаза" кешенінің бірнеше мұнарасы болады. Мұнаралар 382 метрлік 88 қабатты негізгі ғимаратқа қосылады. Бұл орасан зор ғимарат биіктігі жағынан әлем бойынша 14-орынды иеленбек. Жобның сәулетшісі әйгілі британдық сәулетші Норманн Фостер.

Ол бүгінге дейін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы және "Хан Шатыр" сияқты керемет ғимараттардың жобасын жасаған. "Абу-Даби Плаза" кешенінде орта және жоғары класты 450 пәтер, екі қонақ үй және кеңселер болады.

Ғимараттан әуежайға дейін монорельсті тура жол жүргізіледі. Жоспар бойынша кешеннің бірінші кезегінің құрылысы биылғы жылдың қыркүйегінде, ал екінші кезегі 2014 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/268945-astanadagy-abu-dabi-plaza-ortalyk-aziyadagy-en-biik-gimarat-bolmak.html