RU

Голливудтың "Жалғыз рейнджер" фильмі қазақ тіліне аударылды

Тағы бір голливудтық фильм қазақ тіліне аударылды. Бүгін "Жалғыз рейнджер" фильмінің тұсаукесері өтті.

Басты рөлді танымал актер Джонни Депп ойнайды. Режиссер Гор Вербински түсірген бұл фильм тікелей ағылшын тілінен аударылған.

Оқиға желісі бойынша, басты кейіпкерлер Тонто мен Рейнджер Джон әділдік үшін күреседі.

Атыс-шабысқа толы аталмыш туындыны қазақ тілінде театр актері Бейбіт Қамаров дыбыстады. Айта кету керек, жоба авторлары бұған дейін де 6 фильмді аударып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/270818-gollivudtyn-zhalgyz-rejndzher-filmi-kazak-tiline-audaryldy.html