RU

Есімі 20 әріптен тұратын қазақ Интернеттің жұлдызына айналды

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ақпантоқпантұрарқожа Жанбеков күндердің бір күні күтпеген жерден жұлдыз болып оянған.

Оның жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі Ғаламтор арқылы жарық жылдамдығымен тарап, оның 20 әріптен тұратын ерекше есімі көпшілікті қатты таңғалдырды, деп жазады "Экспресс-К" басылымы.

"Ақпантоқпантұрарқожа Жанбеков – 31 жасар қарапайым ауыл азаматы, алайда Ғаламторда оның есімі аңызға айналды десек қателеспейміз. Оған арнап форумдар ашылып, мақтау өлеңдер шығарылуда", - деп жазады басылым.

Журналистер ерекше есімге ие жігітті іздеп табу үшін қаншама тер төккен. Бүгінгі күнге дейін ол жайында білгендердің саны кемде кем.

Басылым қызметкерлері анықтағандай, жігіт Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын көрінеді, балалық шағын Түркістан ауданында өткізген. Оның қалай аяқ асты Интернет жұлдызына айналғаны туралы "ЭК" басылымына Айдос есімді досы әңгімелеп берді.

"Оның сканерленген жеке куәлігін Интернетке өзі кредит рәсімдеген жерінде банк қызметкерлерінің бірі салып жіберген екен, - дейді Айдос. – Шындығын айтқанда, Интернеттің жұлдызы екенін Жанбеков жақында ғана білді. Жалпы, ол қарапайым, адамгершілігі мол жігіт. Жұмыс істеп, жақындарына көмектеседі. Оның есімі шынымен ерекше, оны көз тимес үшін әжесі қойған екен. Бірақ ол ешқашан өз есімінен ұялған емес. Сені қалай атаған дұрыс дегенде, ол: "жай ғана Ақпантоқпантұрарқожа деп атасаңдар болады" деп жауап береді".

Басылымның ескеруінше, қазір Түркістаннан шыққан жігіттің Интернеттегі атағына украиналық Ирина Вагина мен Буртия тұрғыны Сэрпиво ғана талас тудыра алатын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/273499-esimi-20-eripten-tyratyn-kazak-internettin-zhyldyzyna-ajnaldy.html