Выйти
RU

Алматы әкімі "қызтекелер" жайында айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астанада өтіп жатқан ОҚК брифингі барысында Алматы қаласының әкімі шаһардағы "қызтекелер" жайында айтып берді.

"Алматы үлкен қала, мұнда небір жайттар орын алып жатады. Сондықтан, қалада "қызтекелер" жоқ деп айта алмаймын. Кейбір азаматтардың бұл бағытқа бүйрек бұрып тұрса біз не істей аламыз" деді Есімов журналистерге берген жааубында.

Оның айтуынша, қаладағы гей-клубтарды жабу өз алдына, ең алдымен балаларды бесіктен бастап тәрбиелеу керек.

Айта кетейік, журналистердің бірі Алматыда 20 гей-клубтың барын айтып, әкімге шағымданған болатын. Бұған дейін депутат Алдан Смайыл да біржынысты некені жақтаушыларды қатты сынға алғаны есімізде - деп хабарлады baq.kz.

"Бұл сауалды жайдан-жай қойып отырғаным жоқ. Қоғамда не болып жатқанын өзіңіз де жақсы білесіз. Астанада 4 гей-клуб жұмыс істейді. Ал, СПИД-орталықтың мәліметінше, оларға 240 мың "қызтеке" тіркелген. Қарағандыда тіпті, біріне бірі үйленіп жатыр" деген еді А.Смайыл.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әкімі "қызтекелер" жайында айтып берді