RU

"Болашақ" түлегі Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды

Азамат Әбдімомынов Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары-хатшылықтың меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/298460-bolashak-tylegi-kauipsizdik-kenesi-hatshysynyn-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy.html