Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилияда найзағай Христос мүсінін зақымдады

Опубликовано:

Рио-де-Жайнеро қаласында дауыл салдарынан Христостың атақты мүсініне зақым келді, деп хабарлады РБК қалалық биліктің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

Шенеуніктердің айтуы бойынша, найзағай салдарынан мүсіннің оң қолының басбармағы сынып кеткен. Өткен айда болған жауын-шашында оң қолдың ортаңғы саусағында жарық пайда болған еді. Қалалық билік алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берді.

Қалпына келтіру жұмыстарын бастау уақыты мен қаржы мәселесі әзірше нақтыланбаған. 2010 жылы 4 млн долларға мүсінге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Христостың беті мен қолындағы мүжілген тұстар жаңартылған.

Бұл мүсін 1931 жылы тұрғызылған. Оған 9 жыл уақыт кеткен еді. Оның керек-жарақтары Францияда дайындалған.

Нәтижесінде мүсін темір бетоннан жасалды. Монументтің биіктігі - 38 м, қолы - 28 м, салмағы - 1 145 тонна. Ол Рио-де-Жанейрода Корковаду тауының шыңында орналасқан. Бразилияда ең танымал нышандардың біріне жатады. 2007 жылы Христостың мүсіні әлемнің жеті кереметінің тізіміне енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/298827-braziliyada-najzagaj-hristos-mysinin-zakymdady/

pixel