RU

Суыр қыстың ұзаққа созылатындығын болжаған

Американың Панксатони қаласында Фил деп ат қойылған суыр қыстың ұзақ болатынын болжады.

Бұл АҚШ пен Канадада жыл сайын 2 ақпан күні өтетін дәстүрлі шара барысында белгілі болды. Осы шара барысында суыр інінен шыққан, алайда өзінің көлеңкесінен шошып кеткен. Бұл қыстың әлі бір жарым айға созылатын көрсетеді.

Бір қызығы, осындай болжамды ауа-райын болжағыш - нью-йорктік суыр Чак та жасаған. Фил мерекенің тарихында көктемнің ерте келетінін 17 рет қана, ал ұзақ қысты 101 рет болжаған.

Суыр күнін тойлау дәстүрі АҚШ-қа Германиядан 19 ғасырда қоныс аударушылармен бірге келген. Фил болжамының 40 пайызы дәл келеді деуге болады, деп хабарлады РБК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/300753-suyr-kystyn-yzakka-sozylatyndygyn-bolzhagan.html